Басты бет

Құрметті әріптестер мен серіктестер!

“BM Технолоджиз” – ең жаңа жабдықтармен және кәсіби қызметкерлер командасымен жабдықталған жеке ғылыми-зерттеу компаниясы болып табылады.

 

 Компания, толыққанды Ғылыми-зерттеу орталық ретінде жұмыс істейді.

“ВМ Технолоджиз” өз тұтынушыларына негізінен медициналық және фармацевтикалық салаларға арналған аналитикалық шешімдердің кең ауқымын ұсынады, сонымен қатар тамақ және косметикалық өнеркәсіптің мәселелерін шешеді.

 Компания ақуызды дәрілік препараттарды, соның ішінде моноклоналды антиденелерді зерттеуге, сондай-ақ оларды талдау әдістерін әзірлеуге және валидациялауға байланысты қызметтерді ұсынады.

Келесі жұмыстар жүргізілуде:

  • Бастапқы құрылымды зерттеу үшін ақуыздарды пептидтік картасы. N және C – соңғы тізбектерді анықтау, трансляциядан кейінгі түрлендіруді талдау;
  • Дисульфидтік байланыстартың орналасуын талдау; • Ақуыз компоненттерінің молекулалық массасын анықтау;
  • Гликозилдену нүктелерін анықтау, гликандардың құрылымын талдау, гликан профилін салу;
  • Биоаналогилялық ұқсастықты зерттеу;
  • Ақуыз препараттарының тазалығы мен микрогетерогенділігін бағалау;
  • Ақуыздың қайталама құрылымын зерттеу; айналмалы дихроизм және флюоресценция спектрлерін талдау;

Парфюмерлік және косметикалық өнеркәсібінде қолданылатын эфир майлары үшін Ғылыми-зерттеу орталығының базасында эфир майларының түпнұсқалығы мен сапасы ғылыми  бағалау жүргізіледі. Зерттеулер қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес жүргізіледі. Эфир майларының сапасын бағалау үшін ұлттық стандарттар мен ISO халықаралық стандарттары пайдаланылады.

Тамақ Азық-түлік өнімдері үшін мынадай келесі зерттеулер жүргізіледі:

 

  • өсімдік майларының майлы қышқылды май қышқылдық құрамын анықтау;
  • өсімдік майларының қышқылдық санын анықтау;
  • өсімдік майлары мен жануарлар майларының тотықсыздану санын асқын тотығының мәнін анықтау әдісі.

Компанияның миссиясы пайдаланушыларға жоғары кәсіби деңгейде орындалатын ғылыми зерттеулердің сенiмдi шынайы нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады. Біз өз клиенттерімізге ғылыми, ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз.

 Біздің барлық жұмысымыз бір реттік жобалар емес, бұл серіктестерімізбен шынайы ұзақ мерзімді және достық қарым-қатынас.

 

 Құрметпен,

бас атқарушы директор Алдабекова Б.К.